Мұхит Амантаев: Пара алмасам екен деп жол полициясы қызметінен кеттім

Танымал бапкер Мұхит Амантаев Ішкі істер департаментінде жол полициясы саласында жұмыс істеп, пара алмау үшін қызметінен кетуге тура келгенін айтты. Ол бұл естелігімен Нартай Аралбайұлы ютуб арнасына берген сұхбатында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұхит Амантаев 2013-2014 жылдары Астана қаласында жол полициясы болып 1 жыл жұмыс істеген.

"Пара алмасам екен деп қызметімнен кеттім. Атым әрдайым таза болса екен деймін. Спортта жүргеннен кейін атақ-абыройға өз еңбегіммен жеткенді жөн санаймын. Сондықтан пара алу деген абыройымды төмендететін іс. 26 жасымда гайда істеп жүргенде таңғы 6-да тұрып түнгі 00:00-де келеміз. Айлық 90 мың, 1 бөлмелі пәтер 135 мың теңге. Жұмыс ұнамағаннан кейін кетіп қалдым", - деді ол.

Алайда пара бергендер көп болды дейді Мұхит Амантаев.

"Пара бергендер көп болды. Көп адамдарға айыппұлын жазбай жібере салған кездерім көп. Әр адам гай тоқтатқан кезде өзінің проблемасын айтып кетеді. Кредитім бар, бала шағамның университетінің ақшасын төлей алмай жүрмін деген сияқты. Адамдарға жаным ашып тұрады"

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!