Атырау облысында екі қой ұрлаған тұрғындар сотталды

Атырау облысында қой ұрлаған тұрғындар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

Екі қойды ұрлаған Махамбет ауданының үш тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Олар мал қораға заңсыз кіріп, қой ұрлап, сол аудан тұрғынына сатып жіберген. 250 мың теңге залал келтірілген.  

"Үшеуі де 18 жаста. Оның біреуі мүгедек. Сот осыны ескеріп оларды 5 жылға шартты түрде үкім шығарды", - делінген материалда. 

Үкім заңды күшіне енді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!