"Хайуан, маймыл сияқты көрінеді". Сиқыр, дуа, көз тию бары рас па?

Белгілі дінтанушы Нұрлан имам Байжігітұлы сиқыр, дуа, көз тиюге қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, үш нәрсе қатар жүреді. 

"Сиқыр, көз тию, жын кіру. Үшеуі де бір категориядағы нәрсе. Үшеуінің де "диагнозы" бірдей. Қазіргі уақытта сиқырдың көбі отбасында болады. Әйелі мен күйеуін ажырату үшін, біреуді қаратып алу үшін немесе үйде сыйыспаса, солардың отбасын бұздырып, әйелі мен күйеуі бір-бірін жек көріп, ортасы бұзылып кету үшін істелетін сиқырлар көбейіп кетті. Адамға сиқыр жасаған кезде екі адам бір-бірінсіз тұра алмайды. Бірақ екеуі кездессе бір-бірін көре алмай, ұрсыса береді. Кейде әйелдерге күйеуі хайуан, маймыл сияқты көрінеді. Сиқыр әсер етсе еркекке әйелі жер бетіндегі жаман хайуан секілді көрінеді. Сиқыр сондай дәрежеге жетеді. Соңында екеуі ауру болып тынады. Ажалы жетсе өледі, жетпесе қалады. Үйлерде ине, шаншылған нәрселердің табылуы көбейіп кетті, оның көпшілігі сиқыр", - дейді имам. 

@aiman_emshi #сиқыр#дуа#құмалақашу#құмалақшы#палшы#емшіастана#целитель#экстрасенс#құмалақ#гаданиеонлайн#емші#целительница#құмалақтыашу#гадание#гадалка ♬ оригинальный звук - aiman_emshi

Сиқыр бірінші рет істелгенде әсері басқа болады.

"Кейінірек басқаша әсер етеді. 10-15 жылдан кейін одан да қатты әсер ететін жағдайы бар. Сиқырдың күшімен адамдар ағайынынан бөілініп кететін жағдайлар болады. Бұл анық нәрсе. Сиқырдың емделуі ұзақ және ол бар нәрсе", - деп түсіндірді Нұрлан Байжігітұлы.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз