Қызылордада жасөспірімдер еш себепсіз көшедегі 38 шамды сындырып тастаған

Қызылордада жасөспірімдер еш себепсіз көшедегі 38 шамды сындырып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 қазанда таңғы алты шамасында жергілікті тұрғыннан сол жағалаудағы және мектептің жарық бағаналарын белгісіз біреулер сындырып кеткен туралы хабарлама түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qyzylorda PD (@kzo_pd)

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, бұзақыларды анықтау үшін іздестіру жүргізген. Нәтижесінде сол қылмысқа қатысы бар екі жасөспірім анықталды. 

Бұл қылмысқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Ұсталған жасөспірімдер істеген ісіне өкінетінін жеткізген. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина