"Шаршадым, жұмыс та қиындап кетті" деді". Мырзатай Жолдасбеков Назарбаев биліктен кетер алдында шақырғанын айтты

"Шаршадым, жұмыс та қиындап кетті" деді". Мырзатай Жолдасбеков Назарбаев биліктен кетер алдында шақырғанын айтты
Фото: abai.kz

Қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков Нұрсұлтан Назарбаев орнынан кетер алдында шақырып, осындай ойы барын жеткізгенін айтты. Бұл туралы ол AIQYN YouTube-арнасына берген сұхбатында әңгемеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғалымның сөзінше, Назарбаев бір кездесуінде шаршағанын, жұмыс қиындағанын айтқан. Ал кейін үлкен жаңалық болған.

"2019 жылы таңертең жұмыста отыр едім маған Назарбаев звондады. "Келіп кетпейсіз бе, әңгіме бар еді" деді. "Қолым бос, келейін" дедім. "1 сағаттан кейін жолығайық" деді. 12 жарымды Ақордаға кірдім. Біраз әңгіме айттық. "Көрші елдердің приздентінің бәрі менен жас, жұмыс та қиындап кетті, шаршадым, осыны қойсам қайтеді деп жүрмін" деді. "Нұреке, оны өзіңіз шешесіз, біз шешпейміз" дедім. Шаршаңқырап жүргенін, кеткісі келіп жүргенін байқадым. Ақыры үлкен жаңалық болды ғой. Ешбір мемлекетте арғы-бергі заманда қантөгіссіз тақ берілмейді. Ешқандай соғыссыз, қиындықсыз ат ауыстырылды. Өзі Тоқаевты қалады", - деді Мырзатай Жолдасбеков.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова