Қазақстан Ауғанстанға 27 вагон гуманитарлық жүк жіберді

Қазақстан Ауғанстанға 27 вагон гуманитарлық жүк жіберді
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Ауғанстанның Герат провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстандық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жалпы салмағы 1662 тонна болатын 27 вагоннан тұрады. Онда күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрацтар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, зығыр маталар, жастық қаптары мен кереуеттер бар.

Балх провинциясы губернаторының орынбасары А. Идрисс ауған халқы атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Үкіметі мен қазақ халқына тұрақты және жедел гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екі ел халықтары арасында берік достық байланыстардың бар екенін атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан