Адам өтірік айтып тұрғанын қалай аңғаруға болады? Психолог жауап берді

Адам өтірік айтып тұрғанын қалай аңғаруға болады? Психолог жауап берді
Фото: ашық дереккөз

Диалог кезінде адам өтірік айтып тұрғанын денесі арқылы білдіріп қоюы мүмкін. Бұл туралы психолог Наталья Наумова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Наумованың сөзінше, әңгімелесу кезінде адамның көзі, қолы мен аяғы қалай тұрғанына назар аудару керек. Маман кейбіреулер өтірік айтып жатса, аузын қолымен жауып, бүйір бағытқа немесе солға, жоғарыға қарайтынын, тіпті киімдерін жөндеп, тартқылап кететінін айтты.

Психотерапевт Евгений Фомин де өтірікші адам қойылған сұрақтардан кейін қызарып кетуі, қобалжуы немесе келесі адамға ұнайтындай жауап болуы үшін сөздерді таңдай бастауы мүмкін екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін өтірік айтатын адам қандай сөздерді жиі айтатыны анықталғанын жазған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова