"Миланның" жоғалып кеткен жас футболшысы табылды

"Миланның" жоғалып кеткен жас футболшысы табылды
Фото: © Claudio Villa / Contributor / AC Milan

Швецияның "Норрчёпинг" клубында жалда ойнап жүрген "Милан" командасының шабуылшысы Эмиль Робак аман-есен табылды, - деп хабарлайды Expressen басылымы. 

20 жастағы футболшы екі апта бойы байланысқа шықпай, отбасы мен команда мүшелерін алаңдатқан-ды. 14 күннен кейін футболшы аман табылып, таныстарымен байланысқа шыққан. 

Мен онымен кездестім, бәрі бақылауда. Бұл жағдайға қатысты басқа ешқандай пікір білдіре алмаймыз, - деді "Норчеппинг" командасының спорттық директоры Тони Мартинсон. 

Эмиль Робак 2020 жылдан бастап "Милан" командасымен келісімшарттағы футболшы. Ал швед клубында осы жылдың қараша айына дейін жалда ойнауға келген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай