"Үкімет" сөзі "ақыл-ойды бақылау" дегенді білдіретіні рас па?

Instagram-да "үкімет" сөзі "ақыл-ойды бақылау" дегенді білдіреді деп жазылған ақпарат тарап жатыр. Онда бұл сөз "бақылау" және "ақыл" деген мағынаны беретін екі латын сөзінен шыққан деп жазылған. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Жазбада "үкімет" деп аударылатын ағылшын тіліндегі government сөзінің этимологиясы айтылған. Автордың айьуынша, бұл сөз Guvernᾴre - "бақылау" және Menschen oder mentis - "рух, ақыл" деген ежелгі латын сөздерінен шыққан.

Шын мәнінде, француз тілінде guvernàre сөзі жоқ, Menschen oder mentis сөз тіркесінің де оған еш қатысы жоқ. Menshen - неміс тілінен аударғанда "адамдар", oder - "немесе", ал mentis латын тілінен аударғанда "ақыл" дегенді білдіреді.

Бұлардың ешқайсысы ағылшын тіліндегі government сөзінің этимологиясын түсіндірмейді.

Бұл сөз шын мәнінде "бағыттау", "басқару" дегенді білдіретін governer ескі француз сөзінен шыққан. Ол ескі француз тіліне грек тіліндегі "кемені басқару" деген мағынаны беретін kybernan сөзінен келген. Кейін K дыбысы G дыбысына өзгерді.

-ment жұрнағы ағылшын тіліне латын тілінен енген. Ол етістіктен зат есімдер жасау үшін қолданылады. Яғни, govern - "басқару" дегенді білдіретін етістік, ал government сөзі "үкімет" деп аударылатын зат есім.

Бұл "үкімет" сөзі "ақыл-ойды бақылау" дегенді білдірмейтінін дәлелдейді, ал таралған ақпарат оқырмандарды шатастырады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз