Алкогольден де жаман: қанттың жағымсыз әсерімен күресуге көмектесетін 5 кеңес

Адам қантты артық мөлшерде тұтынса, келесі күні жүрек айну, ас қорыту мәселесі, бас ауруы және әлсіздік сияқты түрлі жағымсыз сезімдер туады. Сарапшылар бұл жағдаймен күресуге көмектесетін 5 кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  1. Лимон қосылған су. Бұл сусын токсиндерден арылуға көмектеседі және өт өндірісіне ықпал етеді, сонымен қатар денедегі майдың еруін белсендіреді.
  2. Сүт өнімдерінен бас тарту. Сүт, йогурт, кілегей және ірімшіктің де қант сияқты қорытылуы қиын. Сондықтан олардан біраз уақытқа бас тартқан дұрыс.
  3. Салқын душ қабылдау. Бұл әдіс ағзадан токсиндерді тезірек шығаруға көмектеседі.
  4. Тұздан бас тарту. Тұзды тағам тәттілерге деген құштарлықты тудырады. Бұған жол бермеу үшін тұзды біраз уақытқа тұтынбау керек.
  5. Демалыс. Қант жағымсыз сезім тудырса, ағзаға демалу керек. Жаттығу залында жаттығудың орнына ашық ауада серуендеуге болады.

Айта кетейік, бұған дейін қанттың жарамдылық мерзімі қандай екені хабарланған еді. 

Қантты сақтау кезінде тығыздық міндетті шарт. Өнімді оңтайлы күйде ұстап, ылғалдан алыс ұстау үшін беті тығыз жабылатын ыдыстарды пайдаланғаныңыз абзал. Өнімнің орналасу орны да маңызды: күн сәулесі түспейтін, салқын, құрғақ жер.

Қант егер дұрыс сақталса, жарамдылық мерзімі шамамен 8 жыл.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Бие қысырамас» деген қандай ырым?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!