Несиеге белшесінен батқан 12 қазақстандық суицид жасаған

Несиеге белшесінен батқан 12 қазақстандық суицид жасаған
Фото: elements.envato.com

Несиеге белшесінен батқан 12 адам өзіне қол салды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол қарыз алғанда оның салдары да болатынын жеткізді.

"Адам несие рәсімдегенде оны қайтару мүмкіндігін де ескеру керек. Бірақ қаржылық сауаттылықтың төмендегінінен бұған мән бермейміз. Кредитке белшеден бату салдарынан және оны төлей алу мүмкіндігі болмағандықтан қарыз алушылардың суицидке, қылмысқа баратын деректері кездеседі. Биыл несиесі бар 12 қазақстандық өз-өзіне қол салып, көз жұмды.

Олар – Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстарының тұрғындары. Қыркүйектің аяғында осындай тағы бір факт БАҚ-та жарияланды", - деді Лепеха Мәжілістегі Парламенттік тыңдауда.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz