20 қазанда елдің бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 20 қазанда елдің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман. 

Қостанай облысының басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында көктайғақ, тұман болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Облыстың шығысында тұман түседі, облыстың батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында да тұман түседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!