Бедеулік психосоматикасы: бала көтеруге кедергі келтіретін 3 эмоция

Бедеулік психосоматикасы: бала көтеруге кедергі келтіретін 3 эмоция
Фото: pixabay.com

Бала көтере алмай жүрген әйелге дәрігерлер әдетте эндокринді және репродуктивті жүйеге бағытталған ем жазып береді. Алайда сондай-ақ миыңызда бала көтеруге кедергі келтіретін "эмоционалды блоктар" жоғына көз жеткізу керек. Психосоматика бойынша, әйел адамның бала көтеруіне қандай эмоциялар кедергі келтіреді?

Мойныңызға басқа ересектер үшін жауапкершілік алу

Егер әйел психологиялық тұрғыда жақындарына ана ролінде болса, мысалы, олар үшін жауапкершілікті өз мойнына алса немесе олар үшін шешімді қабылдаса, ағза жүкті болуға қарсы тұрады. Себебі ол психологиялық та, физикалық та жүктеменің артатынын түсінеді.

Сондықтан өзіңізге отбасыдағы орныңызға келуге мүмкіндік беріңіз. Отбасылық міндеттерді күйеуіңізбен бөліп алыңыз. Оның қолынан келмейді деп ойламаңыз. Ата-анаңыз сіз кішкентай болғанда өздерін қамтамасыз ете алды, ендеше қазір де өмір сүре алады. Олар қазір қартайса да, өздігінше шешім қабылдай алады. Әрине, бұл жақындарыңыздан теріс айналып кетіңіз деген сөз емес, бірақ өз өміріңізді ұмытып, басқалардың өмірін сүрмеу керегін түсініңіз. Ересек адамдарды бақылауды жіберген кезде санаңызда балаға орын босайды.

Ата-анаңызды қабылдай алмау

Психологиялық бедеуліктің түпкі себебі ата-анаңызбен байланысты балалық кездегі травмалық тәжірибе болуы мүмкін. Мысалы: қатаңдық, әділетсіз жаза немесе ата-анаңыздың әдепсіз әрекеті. Түпсанаңызда ересектердің қателігін немесе әрекетін қайталағыңыз келмеу, өз балаларыңызға сондай ана болуды қаламау гормондардың баланың дүниеге келуіне қолайлы орта жасауына кедергі келтіруі мүмкін.

Сіздің әке-шешеңіз – қарапайым адамдар. Олар кейде тепе-теңдік сақтай алса, кейде дұрыс емес шешімдер қабылдайды немесе эмоцияларын дұрыс көрсете алмады. Олар бала тәрбиелеуде психологтардың емес, өз балалық шағындағы тәжірибеге немесе үлкендер кеңесіне сүйенді. Сондықтан ата-анаңызды қалай бар солай қабылдаңыз. Егер оларды кешіру қиынға соқса, кәсіби маманның көмегіне жүгініңіз.

Қорқыныш сезімі

Өзінің есейгенін және өз өміріне деген жауапкершілікті қабылдамаған әйелдер түпсанасында өмірге бала әкелуден қорқатын болады. Олар баланы қамтамасыз ететіндей ақша таба алмай қалудан, серігіне сенбегендіктен немесе болашаққа сенімсіз қарайтындықтан, бала көтере алмауы мүмкін.

Мұндай қорқыныш әртүрлі себептен пайда болады. Мысалы, кішкентай кезінде өзінен кіші іні-сіңлісіне тым көп жауапкершілік алған немесе үйдегі тұрмыстық міндеттердің барлығы оның мойнында болған. Адам балалық шағында алаңсыз өмір сүру кезеңін өтпеген болса, ересек кезде осындай проблемалар туындауы мүмкін. Өзіңізге көмектесу үшін өзін-өзі бағалауды арттырыңыз, білім алыңыз, жақындарыңызбен сенімді қарым-қатынас құруға тырысыңыз және т.б.

Оқи отырыңыз: Бетіңіздегі безеу қандай уайымыңыз бар екенінен хабар береді

А. Жапатова