Қонаевтың бұрын жарияланбаған суреттері пайда болды: оның жеке мұрағаты мемлекетке өтті

Қонаевтың бұрын жарияланбаған суреттері пайда болды: оның жеке мұрағаты мемлекетке өтті
Фото: Қонаевтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Дінмұхамед Қонаевтың немере інісі Диар Қонаев оның жеке мұрағатын мемлекеттік сақтауға тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжаттардың ішінде фотосуреттер, жеке хат-хабарлар мен құжаттар болды. Мұның барлығы Қазақстан Президентінің мұрағатында сақталып, жүйеленіп, әрі қарай зерттеуге қолжетімді болады. 

Tengrinews.kz тілшісі Қонаевтың фотосуреттері мен хаттарын алғашқылардың бірі болып көрді.

Қонаевтың жеке мұрағатынан алынған суреттер

Қонаевтың жеке альбомдарындағы суреттің көпшілігі бұрын еш жерде жарияланбаған. Ресми қабылдаулар мен кездесулердегі суреттерден бөлек, Дінмұхамед Қонаев, оның жұбайы Зухра Шәріпқызы және олардың достары бейнеленген отбасылық суреттер бар.

Қонаевтың жеке мұрағатынан алынған суреттер

Бұл уақыт аралығында Қонаевтың бүкіл жеке мұрағаты немере інісінің үйінде сақталды. Оны толығымен көшіру үшін бірнеше ай қажет.

Қонаевтың жеке мұрағатынан алынған суреттер

"Көп жыл бойы мен мұның бәрін жүйелеп, сұрыптап, қарап шықтым. Өте ауқымды фотоқор. Жеке құжаты көп, оған жазған, ол жазған хаттары бар. Мен оның кандидаттық және докторлық еңбектерін сақтап қалдым. Тау-кен ісі саласындағы академик болды, 100-ден аса ғылыми еңбегі бар. Мен мұның барлығын болашақ ұрпақ, зерттеушілер осы құжаттарды зерттей алуы үшін мемлекетке сақтауға беру керек деген шешімге келдім", - деді Диар Қонаев.

Қонаевтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Дінмұхамед Қонаев елді 24 жыл басқарды. Жылдар бойы оның қызметі туралы жазылып, альбомдарда сақталды, өйткені ол кезде компьютерлер немесе дискілер болған жоқ.

Қонаевтың жеке мұрағатынан алынған суреттер

Диар Қонаев ағасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен хаттар жазылатынын еске алды. Қазақ зиялыларының, ақын-жазушыларының хаттары, оған арналған өлең көп болды: "Оған өмір бойы көп адам хат жазды. Мұнда өте құнды хаттар бар - тарихи хаттар. Көршілес мемлекеттердің президенттерімен, маршалдар Будённыймен, Жуковпен хат-хабарлары бар. Оның тау-кен ісі бойынша жұмысы сақталған жеке папкасы да бар. Ол зейнеткерлікке шыққанда жай ғана "тау-кен инженері" деп жазылған арнайы визиткаларға тапсырыс берді.

Қонаевтың жеке мұрағатынан алынған суреттер. Соңғы суретте Дияр Қонаев

Президент мұрағаты Қонаевтың жеке құжаттарын мемлекеттік сақтауға тапсыру тарихи оқиға екенін атап өтті.

"Президент мұрағатында бұл құжаттар бұрын болмаған. Олар еш жерде болмаған. Суреттің аз ғана бөлігі бұрын кітаптар мен шежірелерді дайындау үшін қолданылған, бірақ олар еш жерде толық жарияланбаған. Бұл біздің халқымыздың, мемлекетіміздің және тарихымыздың баға жетпес мұрасы екені даусыз. Біз өз тарапымыздан Қонаевтың жеке мұрағатын сақтау, ретке келтіру бойынша барлық жұмысты сақтау үшін ғана емес, жүйелеу, өңдеу, сауатты ғылыми сипаттау, жүргізу үшін бар күшімізді саламыз. Қонаев құжаттарының бұл баға жетпес жиынтығы Ұлттық мұрағат қорына енгізіледі", - деді ҚР Президенті Мұрағатының директоры Әлия Мұстафина.

Қонаевтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Мұрағат өкілдері Қонаевтың жеке мұрағатындағы құжаттар негізінде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жеке шығу тегі қоры құрылатынын, бұл оның өмірбаянын толық зерттеуге, сол арқылы Қазақстан тарихын жаңа деректермен және дәлелдермен байытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек