Алматыда автобуста қызды балағаттаған тұрғынға айыппұл салынды

Алматыда автобуста қызды балағаттаған тұрғынға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы соттарына сілтеме жасап. 

Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша С.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Биыл қазанда С. №118 автобусында Д. есімді жолаушыға құрметсіздік танытып, қорлап, оны балағатаған, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысында С. іс материалдарында баяндалған деректерді растады және жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Сот қаулысымен С. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434 бабы 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, 48 300 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот істің мән-жайын, сондай-ақ, жәбірленуші Д.-ның С.-мен татуласу туралы пікірін ескере отырып, әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін айқындау кезінде оны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тарту қажет деп есептеді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқи отырыңыздар: Онкология тұқым қуалай ма?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз