Түркістанда автобус үйдің қабырғасын тесіп, кіріп кеткен (видео)

Түркістанда автобус үйдің қабырғасын тесіп, кіріп кеткен (видео)
Фото: видеодан алынған кадр

Түркістанда Hyundai accent автокөлігі № 17 маршруттағы жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан автобус жеке үйдің қабырғасына кіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістанда автобус апатынан кейін ауруханаға түскен науқастардың жағдайы белгілі болды. Көлік оқиғасынан кейін медицина мекемесіне 16 адам түскен. Олар жүргізушілер мен автобус жолаушылары.

Қалалық орталық аурухананың бас дәрігер орынбасары Сапарәлі Әбдиевтің айтуынша, науқастардың алтауы жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Оның ішінде автобус және жеңіл көлік жүргізушілері де бар. Жеңіл көлікті тізгіндеген жүргізушінің жағдайы ауыр.

"Жол апатынан соң ауруханаға 16 науқас түсті. Барлығы ересек адамдар. 7-уі травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр. Жеңіл көлік жүргізушісінің жағдайы ауыр. Оған шұғыл түрде операция жасалынды. Жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған науқастарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді", - деді бас дәрігердің орынбасары.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан