Алматыда жылу желілерінің 60 пайызы тозған

Алматыда жылу желілерінің 60 пайызы тозған
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы бойынша жылу желілерінің 59,2 пайызы тозған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Алматы жылу желілері" ЖШС жыл сайын өзінің нормативтік мерзімі бойынша 25 жылдан асқан жылумен жабдықтау желілерін ауыстыру үшін реконструкция жүргізеді.

"Бұл жұмыс инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендетуге, шығындар мен апатты азайтуға және қыс мезгілінде тұрақты жылумен қамтамасыз етуге әсерін береді. Қазіргі жылуаралық маусымда "АлЖЖ" ЖШС шамамен 9,1 км жылу желісін қайта жаңартты", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы