"Өміріндегі маңызды сәті ғой". Қарақат пен Қыдырәлі тойға дайындалып жатқанын айтты

"Өміріндегі маңызды сәті ғой". Қарақат пен Қыдырәлі тойға дайындалып жатқанын айтты
Фото: видеоскрин

Жұлдызды жұп Қарақат пен Қыдырәлі қызу тойға дайындалып жатқаны туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иелері тұңғыщ ұлының үйленуін асыға күтіп жүргенін айтты.

"Ұлымыз екі досына жігіт жолдас болды. Оған да жұғысты болсын деп отырмыз. Бізден - тілек, одан әрекет. Ал жақында Аяламыз мектепке барды. Тілашар тойын жасаймыз. Айзадамыз 3 жасқа толды. Осы гүлдерімізге ерекше ықылас болсын дедік. Сондай-ақ, білім ошағын аттағандықтан, өміріндегі маңызды елеулі сәті ғой. Соған әкесінің тілегімен 25 қазанда тілашар той жасаймыз", -  деді олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы