Алматыда 1976 жылы пайдалануға берілген құбыр істен шығып, бірнеше ғимарат сусыз қалды

Алматыда 1976 жылы пайдалануға берілген құбыр істен шығып, бірнеше ғимарат сусыз қалды
Фото: elements.envato.com

Алматының Бостандық ауданындағы кейбір ғимаратта ыстық су мен жылу бірнеше сағатқа өшірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бостандық ауданының Розыбакиев - Қожанов - Гагарин - Короленко көшелерінің аумағындағы бірқатар тұрғын және өзге де ғимарат магистральдық жылу желісі учаскесінің біріндегі апатқа байланысты жылу беру тоқтатылды.

1976 жылы пайдалануға берілген диаметрі 800 мм құбырдың істен шықты, "Алматы жылу желілері" ЖШС апатты жоюмен айналысып жатыр. Аталған секторға жылу мен ыстық су беруді жарым түнге дейін қалпына келтіру жоспарланған.

"Бұл ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауын өтінеміз", - делінген хабарламада.

Қандай да бір апат туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өз бетінше әрекет жасамай, оны төменде көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалу арқылы хабарлауға болады:
+7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы) немесе
+7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін).

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина