"Әпкем шешіндіріп, сүйді". Мектеп оқулығындағы "қызық" мәтін қазақстандықтардың ашуына тиді

Әлеуметтік желіде екінші сыныпқа арналған "Әдеби оқу" оқулығындағы шығармалардың бірі ата-аналар арасында дау туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екінші сыныпқа арналған оқулықтағы әңгіменің суреті желіде тарады. Тіпті әңгіменің мәтіні қазақстандықтардың ашуына тиген.

Қысқа үзіндіде әкесі ұрысқан бала туралы айтылады.

"Төсегімнің жанына, еденде ұйықтап қалыппын. Біреу мені шешіндіріп жатқанда, ояндым. Ұйықтап жатқандай кейіп таныттым. Әпкем мені сүйіп, жылы сөздер айтып жатты. Әпкемді құшақтадым, көзіме еріксіз жас үйірілді. Әпкемнің құшағына кіріп, жыладым, қуаныштан ба, қайғыдан ба, өзім де түсіне алмадым. Әпкем менімен бірге жылады. Мен бақытты едім", - делінген үзіндіде.

Қазақстандықтардың бұл жайтқа қатысты пікірі әртүрлі. Кейбіреулер мәтін қазақ тілінен орыс тіліне сәтсіз аударылған десе, ал енді біреулер мұның сорақылық екенін айтқан.

"Мұндай әңгімелер балаларға мүлдем сәйкес келмейді", "Егер балаларымыздың барлық оқулығын мұқият оқып шықсақ, төбе шашың тік тұрады", - деп жазды кейбір желі қолданушылары.

Ал кейбіреулер мәтіндегі негізгі ой басқа екенін жеткізді.

"Әркім өз деңгейінде ойлайды. Әкесі ұлына ұрысқан, ал әпкесі оны жұбатқан", "Дұрыстап басынан оқыса, ондай жаман еш нарсе жазылмаған", - деп жазды олар.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, бұл әңгіме "Менің отбасым және достарым" бөлімінде оқытылып жатыр, ал "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбы мектеп жасындағы балаларға арналған.

"Әңгімеде басты кейіпкер Ерке есімді баланың іс-әрекеттері мен ойлары туралы айтылады. Автор кейіпкерді өмірдегі әртүрлі жағдайда байқап көріп, сырттай бақылайды. Жұмагелдинова Дария Төкенқызы - балаларға арналған өлең, ертегі, пьесалар мен прозалардың авторы. "Әкемен арадағы жанжал" үзіндісі оқулық мазмұнына 2017 жылы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес енгізілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!