"Гаджет қолдануды үйреніп алған". 100 жастағы шымкенттік әжей ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты

"Гаджет қолдануды үйреніп алған". 100 жастағы шымкенттік әжей ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты
Фото: Отырар

Ұлы Отан соғысының ардагері, шымкенттік Нина Егоровна жасы 100-ге келсе де сүйікті ісімен айналысып жүр. Әжей бау-бақшасын баптап, гүлін өсіріп, газет оқып, тіпті гаджеттерді үйреніп алған. 100-ге келген әжей ұзақ өмір сүру құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Нина әжейдің көру қабілеті де жақсы. Гаджетті үйреніп алған ардагер шетелде тұратын жақындарымен сөйлесіп тұрады.

Нина Егоровнаның өмірі туралы фильм де түсіруге болады. Ол 18 жасында өз еркімен майданға барған. Тіпті соғыс кезінде зениттік бригадада пулеметші болған. Әжей Қазақстанға соғыстан кейін келген. Бұл елді таңдауы да бекер емес екен.

"Бастысы - бейбітшілік, қалғаны бос сөз. Бізде бәрі жақсы болады. Отбасымызда, елімізде бейбітшілік болса деймін. Ұзақ өмір сүруімнің құпиясын бөліскім келеді. Көп тамақ ішпеңіздер, аптасына бір рет тамақтан бас тартыңыз. Менің осы айтқан сөздерімді әлі естеріңізге аласыздар", - дейді соғыс ардагері.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина