"Біздің халық бақытты өмір сүріп жатыр деп айта алмаймын" - Ринат Заитов

"Біздің халық бақытты өмір сүріп жатыр деп айта алмаймын" - Ринат Заитов
Фото: parlam.kz

Мәжіліс дептутаты Ринат Заитов халықтың қазіргі хәл-ақуалы туралы айтты. Бұл туралы ол Ұйқым келмейді бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ринат Заитов халық идеологиясын көтеру қажет екенін ол үшін атқаратын жұмыстар өте көп екенін жеткізді.

"Біздің халық бақытты өмір сүріп жатыр деп айта алмаймын. Әлі де істейтін жұмыстар бар. Реттеу керек нәрселер бар. Бір жағы идеологияның жоқтығы. Кейінгі 30 жылда біз халықты, мемлекетті тек қана дүниеқоңыздыққа бейімдеп тастадық. Қазір адамдар өзім бақытты өмір сүрсем деген адам көп қоғамда. Бірақ 100 адамға қарап түңілсең де, ішінен жақсы біреуін көрсең үміт болады түзелуге. Біз бір ауылға барып, сол жердің мәдениет үйін көргенде қатты жүрегіміз ауырды. Сол кезде бір азамат шығып өз атымнан 10 шақты домбыра жеткізіп беремін деді жеткізіп берді. Қаншама жаттықтырушылар бар, шәкірттерін бар ынтасымен дайындап жатқан. Соларға да біздің тараптан бір көмектер болуы керек. Бәріміз өзімізді ойлап кетсек мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады. Бірақ істейтін нәрсе өте көп. Жергілікті және атқарушы билік көмектесіп жіберсе",- дейді Ринат Заитов.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаты жастардың ішкі рухы бар екенін оны көтеру керектігін жеткізді.

"Кешегі Оян, Қазақ! фильміне қаншама жастарымыз барып, көріп, тіпті кинотеатрдан жылап шығып жатыр. Оның өзі бізді қуантады. Демек жастардың ішіндегі рухы өлмегенін, жастар арасында идеологияны көтеруге болатын көрдік. 30 жылда идеологиямыз әлсіреген, бірақ сол жастарға сәл дем беріп жіберсем олар алып кетеді, олар бәрін түсінеді", - дейді мәжіліс депутаты Ринат Заитов.  

Айта кетейік, бұған дейін депутат ең төменгі жалақы 85 мың теңгені сынға алған еді. Сонымен қатар "Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар" деген сөзіне нүкте қойған еді. Бұл туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы