"Тұншықтырып өлтіретінін айтты". Павлодардық әйелді зорлаған ер адам ұсталды

"Тұншықтырып өлтіретінін айтты". Павлодардық әйелді зорлаған ер адам ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы зардап шеккен әйел Instagram-да мәлімдеді.

"Мені зорлағаннан кейін ол аузымды басып, тұншықтырып, өлтіретінін айтты. Мені ешкім таба алмайтынын айтып қорқытты. Ол адам әліге бостандықта.  Мені ауруханаға ес-түссіз, ауыр жағдайда алып келді. Мен өзім үшін және кәмелет жасына толмаған екі қызымның өмірі үшін қорқамын",  - деді әйел.

Аталға оқиғаға қатысты Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр түсінік берді.

"Күш қолданумен зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды", - деді Василий Скляр.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес  тергеу мүддесінде  басқа ақпарат жария етілмейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан