Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешіті қоршауға алынып, адамдар эвакуацияланды

Астанада "Әзірет Сұлтан" мешіті қоршауға алынып, ондағы адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық полиция басқармасының хабарына қарағанда, бүгін, 17 қазанда "102" арнасына бейтаныс ер адам мешіт аумағында орналасқан дүкенге үлкен чемодан мен рюкзак тастап кетіп, оралмағаны туралы хабар түскен.

"Қалалық төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына дереу жетті. "Терроризмге қарсы күрес туралы" заң талаптарына сәйкес, мешіт аумағы қоршауға алынды. Келушілер мен мешіт қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру кезінде сөмкеден қауіпті немесе тыйым салынған зат табылмады, - деді полиция департаменті.

Бұл деректі Астананың Есіл аудандық полиция бөлімі тіркелді. Сөмкенің иесі анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз