Павлодарда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

Павлодарда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты
Фото: видеодан алынған кадр

Павлодарда автокөлік пен автобус соқтығысты, аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан күні сағат 18:50-де Нұрмағамбетов-Қамзин көшелерінің қиылысында Renault автокөлігі мен маршруттық автобус соқтығысқан. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault маркалы автокөліктің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Аталған факті тіркелді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлады департамент. 

Облыстық жедел жәрдем станциясында қоңырау сағат 18:46-да түскенін хабарлады. Зардап шеккен 1990 жылы туған ер адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан