Павлодарда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилер қазақ тілінен тест тапсырып жатыр

Павлодарда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилер "Қазтест" жүйесі арқылы қазақ тілінен тест тапсыруға кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 16-20 қазанда Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы қаладағы Инновациялық еуразия университетінде "Қазтест" жүйесі бойынша тестілеу өткізеді.

"Ондағы мақсат - қазақ тілі бойынша тілдік білімді бағалау. Өңірде тестіні барлығы 700-ден аса адам тапсырады", - деп жазылған облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы таратқан хабарламада.

Қазақ тілінен тестті облыстағы мемлекеттік қызметкерлер әскери құрылымдар мен ұйымдардың қызметкерлері мен тағы басқа адамдар тапсырады.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!