Банктің "қара тізімінде" болсаңыз қалай несие алуға болады? Заңгер жауап берді

Соңғы кезде әлеуметтік желіде "банктің қара тізімінде болсаңыз да, сізге несие алып береміз", деп қызметін ұсынатын адамдар көбейген. Дегенмен халық мұның қаншалық рас екенін білмейді. Заңгер Мәулен Спанқұлов TikTok парақшасында азамат бірінші несиені төлей алмай жүрсе де, екіншісін қалай алуға болатынына қатысты әңгіменің нүктесін қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгер Мәулен Спанқұловтың айтуынша, банкте "қара тізім" деген ұғым жоқ, оның орнына "несие тарихы" бар. Банктің сізге несие беріп-бермеуі осы көрсеткішке байланысты. 

"Несие тарихыңыздың көрсеткіші жоғары болған сайын, банк сізге несиені беруді мақұлдау мүмкіндігіңіз жоғары. Сондықтан несие тарихты жақсартқан дұрыс. Бұл несие тарихқа тек өзіңіз әсер ете аласыз, яғни қазір бар несиелеріңізді уақытылы төлеу арқылы немесе тауарлық несиені алып-жауып жүрсеңіз, сіздің несие тарихыңыздың көрсеткіші көтеріледі. Ал басқа сіздің несие тарихыңызды көтеріп беремін деген адамдарға сенбеңіздер, көбінесе олар алаяқ болып шығады", - дейді заңгер.

@spankulov Черный списокта болып, кредит рәсімдеу #юрист #кредит #мауленспанкулов #долг #займ ♬ оригинальный звук - Маулен Спанкулов

Еске салайық, бұған дейін несие тарихын жақсарту жолдары туралы хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жүктілікке қалай дайындалу керек? 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!