Түркістан облысында ер адам полицейдің басынан шәйнекпен ұрған

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасына Жетісай ауданының тұрғыны хабарласқан. Оның сөзінше, әпкесін жездесі қорлап, ұруға тырысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Учаскелік полиция инспекторлары айтылған жерге тез арада барып, заңсыз әрекеттердің алдын алуға тырысып, ер адамға ескерту жасаған. Алайда тұрғын тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, қорлап, балағат сөздер айтқан. Содан кейін ер адам полицейге қарсылық көрсетіп, шәйнекпен басынан ұрған.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексі 380-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

"Бұл баптың санкциясы бойынша 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жаза не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр және оқиғаның мән-жай анықталады. Сайрам ауданының полиция қызметкері медициналық тексерістен кейін қызметтік міндетін орындауға қайта кірісті", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!