Күйеуіне күн көрсетпейтін әйелдер де бар - ІІМ

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда ер адамдар отбасындағы тиран әйелдеріне шағымданатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналист "Елімізде агрессор әйеліне шағымданатын ер адамдар бар ма?" деп сұрақ қойды.

Министрдің орынбасары мұндай қазақстандықтар барын мәлімдеді. Бірақ олар көп емес.

"Әрине, біз бұған нонсенс сияқты қараймыз. Алайда әйелдеріне шағымданатын күйеулер де бар. Олардың саны көп емес, бірақ әртүрлі жағдай болады. Мысалы, балаларына шағымданатын ата-аналар бар, керісінше кәмелетке толған ересектер өз ата-анасына шағымданып жатады", - деді Игорь Лепеха.

Оның айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша әйелдердің үстінен түсетін шағымдар шамамен 10 пайыз.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!