Астанада ер адам дүкеннен 200 мың теңгелік шоколад ұрлап кеткен

Астанада ер адам дүкеннен 200 мың теңгелік шоколад ұрлап кеткен
Фото: elements.envato.com

Астанада дүкеннен шоколад қораптарын ұрлаған ер адам анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері астаналық тұрғынның супермаркеттерде жасалған үш ұрлыққа қатысы барын анықтаған. Ол көбіне "Қазақстан" шоколадын ұрлаумен айналысқан. Күдікті сауда алаңында тұрғанда, сөреден құны 80 мың теңгеден асатын шоколадтар ұрлап кеткен.

Бұған дейін де ол сол дүкеннен дәл осындай ұрлық жасаған. Сол жолы ер адам дүкеннен құны 120 мың теңгеге жуықтайтын шоколад қораптарын алып кеткен.

Соталды тергеу барысында 26 жастағы астаналық кінәсін мойындап, Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның Астанада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова