Мемлекеттік тілді үйреніп жүрмін - министрдің орынбасары

Мемлекеттік тілді үйреніп жүрмін - министрдің орынбасары
Фото: ortcom.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қазақша үйреніп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналист "Өткен аптада мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктерге қатысты көптеген сын айтылды. Осыған байланысты сіз жұмыс істеп жатырсыз ба? Мысалы, сіз басқа министрлер сияқты (мемлекеттік тілді үйрететін) репетиторлардың көмегіне жүгіндіңіз бе?" деп ІІМ өкіліне сұрақ қойды.

Игорь Лепеха мемлекеттік тілді үйреніп жүргенін, енді баяндама жасай алатынын атап өтті.

"Мен қазақша үйреніп жүрмін. Қазір мен аздап сөйлеймін. Қызметтік құжаттарды оқи аламын. Баяндаманы (мемлекеттік тілде) жасай аламын", - деді вице-министр қазақ тілінде.

Содан кейін ол ойын орыс тілінде жалғастырды.

"Негізінде мен (қазақ тілінде) жауап бере аламын. Қазір кейбір даулы мәселелер боынша (қазақ тілде) қате жауап беруден қорқамын. Себебі, (қазақ тілінде қойылған сұрақты) толық түсінбеуім мүмкін немесе қате жауап беруім мүмкін. Бірақ мен (қазақ тілін) өзім үйреніп жүрмін. Барлық алқа отырысында, кеңесте барынша қазақ тілінде сөз сөйлеуге тырысамын", - деді Игорь Лепеха.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина