Биыл үкімет қанша азаматты жұмыспен қамтыды?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Светлана Жақыпова биыл үкімет қанша азаматты жұмыспен қамтығаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство басшысы өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында биыл 947 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шаралары көзделген айтады.

9 айдың қорытындысына орай жалпы 734 мың адам жұмысқа тартылды, бұл жылдық көрсеткіштің 77 пайызы. Олардың ішінде жастардың үлесі 50 пайызға жетіп отыр.

Министрдің сөзінше, ұлттық жобалардың аясында ашылған 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

"Жұмыс орындарының басым көпшілігі "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" (13 098), "Кәсіпкерлікті дамыту" (11 849), "Агроөнеркәсіп кешенін дамыту" (6 354) Ұлттық жобалары аясында ашылып жатыр. Бүгінде Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналасқан азаматтардың 45 пайызы жастар және 1 961 адам мүгедектігі бар азаматтардың қатарында", - деді Жақыпова.

Олжас Адай

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз