Алматы полициясы бизнес орталықта ер адамды пышақтап кеткені туралы хабарды тексеріп жатыр

Алматы полициясы бизнес орталықта ер адамды пышақтап кеткені туралы хабарды тексеріп жатыр
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы полициясы қаладағы бизнес орталықтарының бірінде пышақ жарақаты болуы мүмкін деген ақпаратты тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Медеу ауданында түсірілген видео тарады. "Арай" бизнес орталығында ер адамды тапа-тал түсте пышақтап кеткені хабарланды. Кадрларда үш денелі ер адамның күзет бекетінің алдынан ғимараттан шығып бара жатқанын көруге болады. Артынша олардың арасында төбелес шығып, бірінің қолында пышаққа ұқсас зат байқалған. Аз уақытқа созылған қақтығыстардан кейін қатысушылардың бірі қайта оралды.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын айтты.

"Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл факті бойынша бұрын полицияға ешкім арызданбаған. Мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан