Петропавлда балтамен шабуылдаған оқушы сотқа жүгінді

Петропавлда балтамен шабуылдаған оқушы сотқа жүгінді
Фото: әлеуметтік желіден

Петропавлдағы мектепте оқушыға балтамен шабуыл жасау ісіне қатысты сот процесі қазылар алқасының қатысуымен өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі алдын ала сот отырысында сотталушының істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұрағанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, сот бұл өтінішті қанағаттандырған.

Еске салайық, 9 қазанда студенттерге балтамен шабуыл жасаған оқушыға қатысты қылмыстық іс сотқа жетіп, БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз жабық есік жағдайында қаралатыны белгілі болды.

2023 жылғы ақпан айында Петропавлда №4 мектепте төтенше жағдай болды. Тоғызыншы сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, жоғары сынып оқушыларына шабуыл жасаған. Ол мектепке бетпердемен келіп, оны дәретханада киіп, одан кейін дәлізге шығып, оқушылардың бірін екі рет ұрған. Осыдан кейін ол тағы екі оқушыға: қыз бен жігітке шабуыл жасаған. Одан кейін екі зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Үшінші адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан