Би, әскери күзет: Тоқаевты Қытайда қалай күтіп алды?

Бейжің әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытай Халық Республикасының Индустрия және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың таратқан видеосында ұшақ қонбай тұрып-ақ, әуежайда құрметті әскери күзет тізіліп тұрғанын көруге болады.

Мемлекет басшысы ұшақтың баспалдағынан түскен сәтте оны шенеуніктер мен балалар қарсы алды. Тоқаев қызыл кілемнен өткенде ұлттық киім киген қыздар билеп тұрды.

Салтанатты рәсімнен кейін Тоқаев қытайлық Hongqi премиум маркасының көлігіне отырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан