Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген

Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны көліктерді жалға алып, GPS-ін алып тастап, үшінші адамдарға көліктің құжаты жоқ деген желеумен арзандатылған бағамен сатып жіберген. Ал ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған. Тергеудің осы кезеңінде 1985 жылы туған О.есімді азаматтың осыған ұқсас алаяқтықтың 5 дерегіне қатысы бары анықталды. Қылмыстық істер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес, тергеліп жатыр. Айыпталушы қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Азаматтарды егер оны таныған жағдайда, бізге мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР Қылмыстық кодексінің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!