Израильде жүрген 100-ден аса қазақстандық көмек сұрады - Смадияров

Израильде жүрген 100-ден аса қазақстандық көмек сұрады - Смадияров
Фото: © The Times of Israel

Израильде жүрген 100-ден аса қазақстандық көмек сұрады. 15 балаға елден ұшып кетуге жағдай жасалды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Израиль мен Палестинадағы әскери саяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты СІМ Қазақстан азаматтарын қақтығыс аймағынан шығару бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мәселені шешу үшін Қазақстанның Израильдегі, Мысырдағы, Иорданиядағы елшіліктері жұмылдырылған.

Биыл 16 қазанда Қазақстанның Израильдегі елшілігіне 100-ден аса қазақстандық елден кетуге көмек сұрады. Олардың бір бөлігі қазақстандық дипломанттардың көмегімен елден кетіп қалды. Кеше Қазақстанның Израильдегі елшілігінің көмегімен 19 қазақстандық, оның ішінде арнайы бағдарламалар бойынша оқыған 15 баланың ұшып шығуы ұйымдастырылды", - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дипломанттар балаларды Израильдің әртүрлі аймағынан әуежайға тікелей жеткізуін қамтамасыз еткен.

Еске салайық, 10 қазанда Тель-Авивтен қазақстандықтар мінген ұшақ Алматыға жеткен болатын. 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авивтен (Израиль) Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы бар, оның 124-і - Қазақстанның, ал 42-і - шетел азаматы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина