Павлодарда су құбырын тартып жатқан кезде топырақ астында қалған адам қаза тапты

Павлодарда су құбырын тартып жатқан кезде топырақ астында қалған адам қаза тапты
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда су құбырын тартып жатқан кезде топырақ астында қалған адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 15 қазанда Достоевский көшесінде жеке үйдің ауласында су құбырын тарту кезінде үй иесіне көмектесіп жатқан екі ер адам топырақ астында қалған.

"Құтқарушылар 1977 жылы туған азаматты үйінді астынан шығарды. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Өкінішке қарай, 1972 жылы туған екінші адамды аман алып қалу мүмкін болмады", - дейді департамент өкілі. 

Азаматтарды құтқару жұмыстарына он бір адам мен үш техника жұмылдырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова