Бішкекте жантүршігерлік оқиға болды: әйел мен екі баласы өлі табылды

Бішкекте жантүршігерлік оқиға болды: әйел мен екі баласы өлі табылды
Фото: © elements.envato.com

Бішкекте әйел мен екі баласы өлтірілді. Күдікті қамауға алынған. Бұл туралы 24.kg агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адам өлтіру оқиғасы Бішкектегі 5-шағынауданда болған.

"Адам өлтіру оқиғасы таңертең болғаны белгілі. Алдын ала мәлімет бойынша, бір баланы тұншықтырып өлтірген. Мәйіттер кешкі уақытта табылды. Күдікті ұсталған жоқ", - деп хабарлаған редакцияға дереккөз.

Кейінірек үш адамның өліміне қатысты күдікті Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы қызметкері болып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті А.Ч. бұрын ҰҚМК Тоғызыншы қызметінде жұмыс істеген. Ол Бішкектегі УҰИ-1-ге қамауға алынған. Бұл туралы 16 ақпанда Бішкек қалалық соты хабарлады.

24.kg сайтының меншікті дереккөзінің айтуынша, алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам өз кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, ол марқұммен біраз уақыт бірге тұрған.

"Айыпталушының айтуынша, әйел одан жүкті болып, ұл туған. Содан кейін марқұм әйел күдіктіні жұбайы бәрін біліп қояды деп бопсалағаны айтылады. Адам өлтірілген күні ер адам әйелмен жанжалдасып қалады. Сол кезде анасын қорғамақ болған қыз пышақ жарақатын алған. Осыдан кейін растауды қажет ететін мәлімет бойынша, қайтыс болған әйел мен А.Ч. арасында тағы да жанжал туындап, ер адам әйелді пышақтап тастайды. Бұл кезде марқұмның жараланған қызы есін жиып, терезеден секіріп кеткен. А.Ч үйден шығып, қызды көтеріп үйге әкелген. Екінші баланы буындырып өлтірген. Қазір полиция психологиялық, психиатриялық және сот-медициналық сараптамалар тағайындады", - деп жазды 24.kg.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан