Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды

Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы тауларында қар көшкіні салдарынан шаңғышы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қар көшкінінен зардап шеккендерді іздеу 15 қазанда басталды.

15 қазанда сағат 17:20-да Алматы қаласы әкімдігінің "109" құтқару қызметінің құтқарушылары қаза тапқан адамның денесін тасымалдау үшін Тұйықсу шыңына шықты.

"Азамат Р. мен азамат К. Тұйықсу мұздығында шаңғы тепкен. Азамат К. шаңғымен бірінші болып түсіп, қар көшкіні нәтижесінде қар астында қалды. Азамат Р. қауіпсіз беткейден азамат К. орналасқан жерге түсіп, оны қар үйіндісінен алып шықты", - деді құтқару қызметі өкілі.

Құтқарушылар мәйітті Шымбұлаққа дейін түсіріп, кейін оны Медеу Ішкі істер басқармасының жедел тобына тапсырды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова