TikTok-та қызды жезөкше деп атаған ер адам соттан бір-ақ шықты

Жамбыл облысында TikTok-та қызды жезөкше деп атаған ер адам соттан бір-ақ шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

"2023 жылғы қазанда А. TikTok әлеуметтік желісінде жәбірленуші С. жеңіл мінезді қыз екенін айтып, видео жариялады. Осылайша, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратты", - делінген сот мәліметінде.

Сотта А. кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші А.-ны кешіріп, істі тоқтатуды өтінді. Сот қаулысымен А. әкімшілік жауапкершіліктен босатылды, іс тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқи отырыңыздар: Дәретханаға неге телефон алып кіруге болмайды?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!