Жылыту маусымы басталса да батареялар жылытпай тұрса, қайда жүгіну керек?

Жылыту маусымы басталса да батареялар жылытпай тұрса, қайда жүгіну керек?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда тұрғын үйлерге жылу беріле бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Мегаполисте 8 836 көппәтерлі тұрғын үй бар. Тұрғын үйлерге, жатақханаларға, қонақүйлер мен әкімшілік ғимараттарға жылу кезең-кезеңімен қосылды.

Тұрғын үйлерге жылу қосылуын кім қамтамасыз етеді?

  • Жылу жеткізуші - "Альтс" ЖШС ыстық суды жертөледегі элеватор торабына дейін жеткізеді.
  • Басқарушылар - ПИК/МИБ сервистік компаниялар көмегімен үйді жылытудың ішкі жүйесін дайындайды. Үйді жылыту кезеңіне дайындау актісін алады. Бұл құжатсыз үй жылуға қосылмайды.

Пәтер суық болса, не істеу керек?

ПИК, МИБ немесе үйге қызмет көрсететін сервистік компанияның диспетчеріне хабарласу керек. Мұндай компанияның кезекші қызметкерлері тәуліктің кез келген уақытында апат болған жерге келіп, оның салдарын жоюға және жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын қалпына келтіруге міндетті.

Ал үй тұрғындары ай сайын жылыту жүйесінің техникалық қызметі үшін ақы төлеуге міндетті. Оның құны пәтердің ауданына байланысты болады.

Пәтер неліктен салқын болуы мүмкін?

Жылыту маусымы басталса да пәтер мына себептерге байланысты суық болуы мүмкін:

  • Жылыту жүйесі тозуы.
  • Радиаторлардың бітелуі.
  • Айналымның бұзылуы.
  • Пәтерлердің ішіндегі жылыту жүйесін өзгерту, жарамсыз құбырлар орнату.
  • Кіреберістегі әйнегі жоқ терезелер, оқшауланбаған жертөлелер, шатырлар.
  • Жылу желілерінің зақымдануы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жылу беріле бастағаны хабарланған еді.

Тұтынушыларға жылу беру мына кезекпен жүргізіледі:

- емхана, мектеп, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;

- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;

- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;

- басқа да ғимараттар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова