Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстаннан оралды

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстаннан оралды
Фото: ТЖМ

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстаннан оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары қойылған міндеттерді абыроймен орындап, отанымызға оралды.

Жер сілкінісі аймағынан оралған құтқарушыларды әуежайда әріптестері, туыстары мен жақындары қарсы алды. Сондай-ақ "Lider kz" қозғалысының еріктілері қарсы алды.

Олар құтқарушы иттер Чарли, Джейкоб және Еуроға лайықты медальдар дайындады.

Ауған билігі қазақстандықтарға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектескені үшін алғыс білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина