Израиль билігі Қазақстаннан кешірім сұрады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ХАМАС шабуылы кезінде Израильде жоғалып кетті деген қазақстандық туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға ХАМАС мүшелерінің зымырандық шабуылы мен қарулы шабуылы кезінде қайтыс болған немесе із-түссіз жоғалған елдің азаматтары туралы дерегі бар кестені таратқан. Бұл кестеде Қазақстанан бір азамат бар деп көрсетілген.

Алайда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильде із-түссіз жоғалған Қазақстан азаматы туралы мәліметті жоққа шығарды.

"Шындыққа жанаспайды, Израиль билігі кестеде қате кеткені үшін кешірім сұрады", - деді Смадияров.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз