Фермер өзі өсірген әлемдегі ең үлкен пиязды көрсетті

Фермер өзі өсірген әлемдегі ең үлкен пиязды көрсетті
Фото: guinnessworldrecords.com

Ұлыбританиядағы күзгі көрмеге фермер Гаррет Гриффин өзі өсірген ең үлкен пиязды әкелді. Көкөністің салмағы - 8,97 кг. Ол мұндай көрмелерге бұрыннан қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Гиннес рекордтар кітабының сайтына сілтеме жасап.

2014 жылы жеңген пияздың салмағы 8,5 кг болатын. Фермердің айтуынша, үлкен мөлшердегі пиязды ол бұрыннан өсіріп келеді. Ол көрмеге 13 жыл қатарынан келген, бірақ оның пиязы рекордқа жетпеген. Алайда бұл жолы оның арманы орындалды.

Рекордқа жету үшін түрлі технология қолданылған. Бірнеше апта бойы пияз жарықтың астында болған, жылыжайға автоматты суару жүйесі орнатылған. Фермер дұрыс тұқым қолдану және дұрыс күтім жасау маңызды екенін айтты.

"Мен әлемдегі ең үлкен пияз өсіргеніме қуанып тұрмын. Адамдар бүкіл әлемде пияз қолданады және олар оның қалыпты мөлшері қандай екенін біледі, сондықтан олар мына алып көкөністі көрген кезде таңғалады", - дейді фермер.

Басқа рекордтар жайлы не белгілі?

Ұлыбританиялық Себастьян Суски әлемдегі ең ұзын қияр өсірді. Оның ұзындығы – 113,4 см.

guinnessworldrecords.com

guinnessworldrecords.com

Фермер Питер Глейзбрук те 40 жыл бойы осындай жарыстарға қатысады, ол 30 жыл бойы алып көкөністер өсірумен айналысады. Ол ең ауыр болгар бұрышын өсірді. Оның салмағы – 750 г, ол қарапайым орташа бұрыштан 5,5 есе үлкен.

Оқи отырыңыз: 62 жыл тырнағын өсірген қарт Гиннес кітабына енді

А. Жапатова