Джинс шалбар жылдам тозып кетпес үшін оны қалай жуу керек?

Джинс шалбар жылдам тозып кетпес үшін оны қалай жуу керек?
Фото: pixabay.com

Көпшілік джинс шалбарын ыңғайлылығы үшін жақсы көреді. Оған қоса, қазір оның түр-түрі бар. Сүйікті шалбарыңыз жылдам тозбағанын қаласаңыз, оны жуатын кезде кей қателіктерден аулақ болыңыз.

Дақтарды кетіру

Джинс шалбарын кір жуатын машинаға салмас бұрын шалбардағы дақтарды кетіріп алу керек. Оларды ылғал дәкемен сүртіңіз немесе дақтарды кір сабынмен қолмен жуып кетіріңіз. Содан соң ғана кір жуғыш машинаға салыңыз.

Теріс қарату

Джинс шалбарын кір машинаға саларда оны теріс қаратып алу керек. Сол кезде оның түсі сақталады және матасы жылдам тозбайды.

Дұрыс режим таңдау

Кір машинада әдетте джинс киімдерге арналған режим болады. Егер сіздің кір машинаңызда ондай режим болмаса, минутына 800-ден көп айналым қоймаңыз.

Кір жуғыш ұнтақты көп салмау

Джинс шалбарды жуу кезінде кір жуғыш құралды аз қосқан жөн.

Ыстық жумау

Джинс шалбарларын төмен температураларда жуу керек. Суық суда джинс шалбардың түсі жақсы сақталады.

Оқи отырыңыз: Джинс шалбарындағы кішкентай қалта не үшін қажет?

А. Жапатова