Аптасына үш рет бассейнге барсаңыз не болады?

Аптасына үш рет бассейнге барсаңыз не болады?
Фото: pixabay.com

Жүзу – спорттық жаттығу ғана емес, физикалық белсенділіктің бір түрі. Бассейнге түсу демалуыңызға ықпал етіп қана қоймай, денсаулығыңызға пайдасын тигізеді. Жүйелі түрде жүзу хал-жағдайыңызға қалай әсер ететінін қарастырайық.

Бұлшықеттерді қатайтады

Жүзу бүкіл денеге жақсы физикалық жүктеме түсіреді. Ол бұлшықеттерді қатайтады, төзімділікті арттырады және калория жағуға көмектеседі.

Буындарға көп күш түсірмейді

Су буындарға түсетін күшті азайтады. Сондықтан буындарымен проблемасы бар адамдар үшін жүзу - жақсы таңдау.

Тыныс алуды жақсартады

Жүзу дұрыс тыныс алуды қажет етеді. Бұл өкпе қызметін жақсартады.

Күйзелістен арылуға көмектеседі

Жүзу күйзелістің азаюына ықпал етеді. Су адамға босаңсытушы әсер береді.

Жүрек-қан тамырлар жүйесін қатайтады

Жүйелі түрде жүзу жүрек-қан тамырлар жүйесінің қатаюына ықпал етеді.

Төзімділікті арттырады

Жүзу төзімділікті арттырады және адамға энергия береді. Себебі ол жүрек пен өкпені жаттықтырады.

Дене мүсінін жақсартады

Жүзу дене мүсінінің және дене иілгіштігінің жақсаруына ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Жүзуге барғанда. Бассейн этикеті

А. Жапатова