Желіде "Ирина Кайратовнаның" концертінде қайтыс болған мобилографтың соңғы видеосы тарады

Желіде "Ирина Кайратовнаның" концертінде қайтыс болған мобилографтың соңғы видеосы тарады

Желіде "Ирина Кайратовнаның" концертінде қайтыс болған мобилографтың соңғы видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Марқұм мобилографтың аты-жөні - Шахназ Жылқыайдаров. Ол кеше, концертке дейін өзінің жеке парақшасына бірнеше сторис салған, бәрі концертке қатысты. 

Шахназ концертке дайындық кезінен видео жүктеп, "Сіздерге ішкі "кухняны" көрсетемін" деп жазған.

Ол соңғы сторисінде дәлізде кетіп бара жатып, оқырмандарына өзінің бейджигін көрсеткен. Содан соң боянатын бөлмені көрсетіп, ал артистердің "гримеркасына" "Кейінірек барамыз" деп уәде еткен. 

Қазақстандықтар мобилографтың жазбаларының астында пікір жазып, онымен қоштасып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шахназ | Мобилограф | Астана (@zhilkaidarov__)

Еске салайық, бұған дейін "Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болғанын хабарлаған едік. Куәгерлердің сөзінше, жігіт кенеттен сахнада құлаған.

Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлап, халықтан кешірім сұраған.

"Сіздерді күттіргенімізге кешірім сұраймыз, бірақ бәрі бекерден бекер емес. Айтудың өзі ауыр. Жаңа ғана мобилограф сахнада құлап қалды, көрген боларсыздар. Ол қайтыс болды. Сондықтан қазір алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз", - деді топ мүшелерінің бірі.

Полиция "Ирина Кайратовна" тобының концертінде болған қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан