Алаяқтар WhatsApp-ты қолданып алдауы жиілей бастаған

Алаяқтар WhatsApp-ты қолданып алдай бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысында интернет-алаяқтардың Whatsapp мессенджерін пайдалану жағдайлары жиілеп кеткен.

WhatsApp мессенджерімен қоңырау шалу арқылы алаяқтар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, аталған қосымша қауіпсіздік және алаяқтықтықтан қорғау үшін пайдаланылатынын сендіреді.

Олар сіздердің аттарыңыздан жасалған банктік операциялардың әртүрлі әрекеттері туралы хабарлайды.

Мысалы, "Сіз онлайн несие алуға өтініш жібердіңіз бе?", "Басқа қаладан картаны ауыстыруға өтініш беру әрекеті тіркелді", "Өтінімді растайсыз ба?", "Сіз банк пайдаланушысыз ба?" және т.б.

Егер Сіз осындай телефон диалогына тап болсаңыз, ешқандай мәлімет бермеңіз және сөйлесуді дереу тоқтатыңыз. Себебі, банк қызметкерлері жұмыс қоңыраулары үшін Whatsapp мессенджерін қолданбайды.

Күмән туындаған жағдайда, қаскүнем болып көрінетін ұйымның ресми байланыс нөміріне қайта қоңырау шалыңыз, сондай-ақ "102" Полиция желісіне хабарласыңыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!