"Дәретханаға кіруді сұраған". Желіде "имамның" тазалықшыға айғайлап жатқан видеосы тарады

Желіде Алматы облысындағы мешіттің бірінде имам тазалықшы әйелді мешіт әжетханасына кіргізбей қойғаны туралы ақпарат тарады. ҚМДБ өкілдері бұл дерекке қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған ақпарат бойынша көше тазалықшылары мешіт әжетханасына кіруге өтініш айтқан. Бірақ имам өзін өте агресивті ұстап айқайлай жөнелген. Тазалықшы әйелдер өтініш айтып біраз тұрған. Имамның айқайын көрген өзге азаматтар одан айқайламай сөйлеуді сұраған. Имам бәрібір әйелдерді мешіт ішіне кіргізбей қойған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KYN.KZ ақпарат агенттігі (@kyn.kz)

ҚМДБ мәліметінше, оқиға Түркістан қаласында болған. 

"Біріншіден, бәріңізден кешірім сұраймын. Мен жай ғана жамағатпын. Мен имам емеспін. Кеше бұлар (тазалықшылар-еск.) қайта-қайта келіп, дәретхананы ластап кете бергеннен кейін "келмеңдер, бұл жер дәретхана емес" деп ұрсқанмын. Мен тек тазалыққа жауап беремін, ол үшін ешқандай айлық алмаймын. 

Кейіннен қайтадан келіп тұр. Келген кезде ұрсқаным рас. Имам да, ұстаз да емеспін. Күніге болып жатқан нәрсе, өткен-кеткеннің бәрі келіп, дәрет сындырып, ішін ластап кетеді. Ол нәрсе жаныма батқаннан кейін айтқаным рас", - дейді видеодағы ер адам. 

Видеодағы ер адам дін өкілдеріне кір келтіргені үшін кешірім сұрады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина